KazGeo |
||
BlogҚазақ үкіметінің ішкі ивестициялар |
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Қазақстанның 21-ғасырдың басындағы қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуы техникалық, басқарушылық және көшбасшылық құзыреті жоғары деңгейдегі мамандарға аса қажеттілікті тудырды, сондықтан 2008 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша Зияткерлік мектептер құру жөніндегі жоба іске қосылды. Зияткерлік мектептер бастауыш мектеп (оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту), негізгі мектеп және жоғары мектеп деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларының қазіргі заманғы модельдерін әзірлеуді, оларға мониторинг жүргізуді, зерттеуді, талдауды, байқаудан өткізуді, енгізуді және іске асыруды жүзеге асыратын эксперименттік алаң болып табылады. Қазақстан Республикасындағы қазіргі бар білім беру талаптары мен стандарттары білім беру саласындағы қазіргі заманғы басқару нысандарын лайықты деңгейде енгізуге, инновациялық білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды іске асыруға мүмкіндік бермеді. Осыған байланысты инновациялық білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды іске асыру үшін қажетті білім беру саласындағы қазіргі заманғы басқару нысандарын енгізу, академиялық еркіндік пен дербестікті дамыту үшін 2011 жылғы 19 қаңтарда «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Бұл мәртебе білім беретін оқу бағдарламаларын дербес бекітуге, қабылдау емтихандарына қойылатын талаптарды белгілеуге, үлгерімділікті ағымдағы бақылауға, аралық және қорытынды аттестациялау мен басқаларына құқықты білдіреді. Академиялық еркіндік қағидаты жаңа бағдарламаларды әзірлеу мен байқаудан өткізуді жеделдетуге, орта білім беру жүйесін жаңғыртуға мүмкіндік береді.
|
|
"Назарбаев Университеті" Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының (бұдан әрі - Университет) алға қойған міндеті – Қазақстанның халықаралық деңгейдегі тұңғыш зерттеу университеті болу, себебі оның қызметі елдің негізгі басымдықтарының іске асырылуына, оның ішінде зерттеу әлеуетінің жедел қарқынмен өсуіне, елдің индустриялық-инновациялық дамуына, өзгеріп отыратын және жаһандық ықпалдастырылған экономика талаптарына сай келетін білім беруге көшудің қамтамасыз етілуіне байланысты. Университеттегі оқу процесі халықаралық білім беру стандарттары негізінде құрылған, бұл Қазақстан Республикасы білім және ғылым жүйесінің қарқынды дамуына және әлемдік деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді. Бұл – қызметі дербестік және академиялық еркіндік қағидаттарына негізделген Қазақстандағы ең алғашқы университет. Университетке дербестік мәртебесі «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 19 қаңтардағы Заңына сәйкес берілді. |
|